239
Жанкүйерлерінің тәртіпсіздігі үшін "Ақтөбеге" қомақты айыппұл салынды
Жанкүйерлерінің тәртіпсіздігі үшін "Ақтөбеге" қомақты айыппұл салынды
"Ақтөбе" мен "Ордабасы" матчының соңында көрермендер турнирдің ресми өкілдеріне тіл тигізіп айғайлаған. Тәртіптік бақылау комитетінің қаулысына сәйкес, Ақтөбе футбол клубы жанкүйерлерінің тәртіпсіздігі үшін жауап беруі тиіс. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Футболшылардың өзі де матч кезінде тәртіп сақтамаған екен. "Ордабасы" футбол клубының бес ойыншысы алаңда ескерту алғаны үшін 150000 теңге айыппұл төлейді. "Тараз" футбол клубы да айыппұлдан құр қалған жоқ. Бұл жолы матч түсіріліміне қойылатын талаптар бұзылған екен.