Ақтөбе тұрғынынан құны 12 млн теңге болатын марихуана тәркіленді

Есірткінің жалпы салмағы 36 келі.

Ақтөбе тұрғынынан құны 12 млн теңге болатын марихуана тәркіленді
polisia.kz
Автор
Админ
94

12 қаңтарда Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен гараж кооперативінің аумағынан 38 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қызметтік итпен тінту жүргізу кезінде оның автокөлігінің салонынан ішіне өсімдік тектес зат салынған 2 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сондай-ақ күдіктінің гаражынан 1 орама пен 16 полиэтилен пакет табылды, олардың ішінде ерекше иісі бар жасыл түсті заттар болды. Мәртөк ауданының аумағында орналасқан шаруа қожалығын санкцияланған тінту кезінде жасыл түсті зат салынған полиэтилен пакет анықталды.

Сараптама қорытындысы барлық тәркіленген заттың марихуана екенін көрсетті. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 36 келіні құрайды. Қара нарықтағы бағасы – 12 млн теңге.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары