20 млн теңге жымқырған қазақстандық Ресейде ұсталды

Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлердің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеген.

20 млн теңге жымқырған қазақстандық Ресейде ұсталды
istockphoto.com
183

24 жастағы Алматы тұрғыны үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлердің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеген. Сол кезде ол қазақстандықтарға мобильді телефондар мен аксессуарлар сатып алаяқтық жасаған.

Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда.

Серіктес жаңалықтары