Атыраудағы мектептердің бірінің оқушылары жылыту мен электр энергиясының жоқтығына байланысты уақытша онлайн форматта оқуға ауыстырылды.
Atyrau online сайтының мәліметінше, оқиға Салық Зиманов атындағы №37 мектеп туралы болып отыр.
“Мектепті электр қуатымен қамтамасыз ететін жер асты желілерінде ақау анықталды. Қазіргі уақытта мәселені жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде,” – делінген хабарламада.
Электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілгеннен кейін мектеп қалыпты режимде жұмысын қайта бастайды деп түсіндірілді.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жұмыс барысы мен жағдайды тұрақтандыру жергілікті билік пен тиісті ұйымдардың бақылауында.