Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті

Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорда
225

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Мекемтас Мырзахметұлы бар салиқалы ғұмырын Абай мұрасын зерделеуге, отандық әдебиеттану ғылымының керегесін кеңейтуге арнаған зиялы тұлға еді. Ұлт руханиятының ілгері басуына сүбелі үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ұзақ жылғы қажырлы ізденістерінен туған құнды еңбектері лайықты бағаға ие болды. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған Мекемтас Мырзахметұлының аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары