301
Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық шетелде қамауға алынды
Қазіргі уақытта күдікті шетелде қамауда
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Швецияда 38 жастағы ер адам тұтқындалды.
Polisia.kz мәліметінше, ол аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.
2018 жылдың қазан айында күдікті Алматы қаласындағы банктің бірінен аударымдарда махинация жасай отырып, 55 миллион теңге ұрлаған.
Қазіргі уақытта күдікті шетелде қамауда.