Рудныйда есірткі зертханасы жойылды

Сараптама тәркіленген заттың салмағы 1,3 келіден  асатын каннабис өсімдігі екенін растады.

Рудныйда есірткі зертханасы жойылды
Polisia.kz
124

Рудныйда полиция қызметкерлері прокуратураның көмегімен өз пәтерінде қарасора өсірген ер адамның жерасты зертханасын жойды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары балконда термоматериалмен қапталған жылыжай тапты. 

Ішінде каннабис тектес өсімдік өсіретін үш құмыра, үш электр фитолампасы, электр сорғыш және желдеткіші болды. Сонымен қатар ас үй бөлмесіндегі үстелде ZIP пакеттерінде каннабис тұқымы сақталған қорап табылды.

Сараптама тәркіленген заттың салмағы 1,3 келіден  асатын каннабис өсімдігі екенін растады.

Медициналық куәландыру күдіктіні ұстау кезінде каннабиоидты қолданудың іздері анықталғанын көрсетті.

Серіктес жаңалықтары