141
Елімізде айналымы 24 млрд теңгені құрайтын 6,2 мың «дроп-карта» анықталды
«Дроптар» – бұл банктік карта мен шотты рәсімдеу үшін қолданылатын жалған тұлғалар.
Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық кірісті заңдастыру мақсатында 6,2 мың «дроп-карта» пайдаланылғанын анықтады. Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жетті.
Алаяқтар интернет-банкингке қашықтан қол жеткізу мақсатында үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған.
Көбінесе «дроп-карта» есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған. Мұндай карта иелерінің 90%-дан астамы резидент емес - делінген агенттік ақпаратында.
Айта кетейік, «Дроптар» – бұл банктік карта мен шотты рәсімдеу үшін қолданылатын жалған тұлғалар.