БҚО-да полиция қызметкері тұрғынды көлікпен қағып, мерт қылды

Қайғылы оқиға 1 қаңтарда Меловые Горки ауылының маңында болған.

БҚО-да полиция қызметкері тұрғынды көлікпен қағып, мерт қылды
Polisia.kz
183

БҚО-да полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 қаңтарда Меловые Горки ауылының маңында болған.

Жол апатына ауданнан тыс жерге шығуға рұқсаты жоқ Ақжайық аудандық Ішкі істер бөлімінің көші-қон қызметінің қызметкері себепкер болуы мүмкін екені хабарланды.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті өкілдері жол апатын растап, Қылмыстық кодектің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты жарығы жоқ жолда болған. Медициналық сараптама оның мас күйде болмағанын көрсетті.

Көлік жүргізген полицей ішкі істер органдарынан босатылды. Қызметтік тергеу тағайындалды, басқа ақпарат жариялауға жатпайды», - деп түсіндірді полиция өкілдері.

Серіктес жаңалықтары