Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге жымқырылған

Қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды.

Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге жымқырылған
355

Ақтөбе қаласының прокуратурасымен «Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» КММ-і директорымен бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.     

Директор қызметін пайдаланып мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша  іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған. 

Директордың әрекеті ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланып (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.  

Қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды.        

Серіктес жаңалықтары