ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 120 қылмыстық іс қозғаған
Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес жүргізу бағытындағы жұмысын жалғастырып жатыр.
Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты.
Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылды.
Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни «қылмыс әлемінің беделділері» ұсталды. Жақын шет елдерден келген алты «заңдағы ұры» ұсталды.
Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды. Бопсалау фактілері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды.
– Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастырады және бұл бағытта нақты шаралар қабылданатын болады, – деп атап өтті ведомствода.