731
Ақтауда тұрғын үй ауласынан ер адамның денесі табылды
Өлімнің себебі әлі анықталған жоқ
Ақтауда 26-шағынаудандағы тұрғын үй маңынан 40 жастағы ер адамның денесі табылды.
Lada.kz сайтының мәліметінше, Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі қайтыс болған адамның орындықта жатқанын және дәрігерлер оны тексергенін хабарлады.
“Шақыру сағат 13:46-да түсті. Жедел жәрдем бригадасы келген кезде 1985 жылы туған ер адамның денесі табылды. Өлімнің себебі әлі анықталған жоқ, мәйіт тергеу жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды”, – деп хабарлады медициналық мекеменің баспасөз қызметі.