8 қаңтарда ауа райы қандай болады
Ертеңге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды.
Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Облыстың шығысында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман.
Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Астана қаласында түнде кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.