Жамбыл облысында туған анасын пышақтап өлтірген адамға сот үкімі шықты

Қылмыс 2024 жылдың қыркүйек айында болған.

Жамбыл облысында туған анасын пышақтап өлтірген адамға сот үкімі шықты
istockphoto.com
199

Анасын өлтірген Жамбыл облысының тұрғыны 13 жылға сотталған. Алайда ер адам сот шешімімен келіспеген.

Қылмыс 2024 жылдың қыркүйек айында болған. Жамбыл облысының тұрғыны мас күйінде анасын пышақтаған. Анасы алған жарақатынан көз жұмды.

«Сот отырысында сотталушы өлтіру ниетінің жоқтығын және барлығы кездейсоқ болғанын айтып, өкініп, кінәсін ішінара мойындады», - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.

Жазамен келіспеген сотталушы бас бостандығынан айыру мерзімін қысқартуды сұрады.

Апелляциялық шағым қанағаттандырылмай, сот үкімі өзгеріссіз қалды.

Серіктес жаңалықтары