Шымкентте алаяқтықпен айналысқан адам іздестіріліп жатыр

Шымкентте алаяқтықпен айналысқан адам іздестіріліп жатыр
instagram/ police_shymkent
799

Шымкент полициясы жалған құжат жасап, алаяқтықпен айналысқан деген күдікке ілінген азаматқа іздеу жариялады, деп хабарлады turkystan.kz сайты

«Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері азаматтардан фотосуретте көрсетілген ер адамның жеке басы мен жүрген жерін анықтауға көмектесуді сұрайды.

Ол ірі мөлшерде алаяқтық және жалған құжат жасағаны үшін полициямен іздестіріліп жатыр.

Ер адамның жеке басы мен жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, 102, 8701-216-46-46 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары