Батыс Қазақстанда екі адамнан метапневмовирус анықталды

Екі жағдайда да 14 жасқа дейінгі балалар ауырған.

Батыс Қазақстанда екі адамнан метапневмовирус анықталды
istockphoto.com
194

Батыс Қазақстан облысында метапневмовирустың екі жағдайы 14 жасақа дейінгі балалардан анықталды.

Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, екі жағдайда да 14 жасқа дейінгі балалар ауырған.

Санитарлық дәрігерлер аймақ тұрғындарын инфекцияның таралу қаупін азайту үшін алдын-алу шараларын қолдануға шақырды.

Атап айтқанда:

  • үй-жайларды желдету;
  • адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу;
  • науқастармен байланысты шектеу және оларды оқшаулау;
  • балаларға ерекше назар аудару, суық тию белгілері пайда болған кезде оларды балабақша мен мектептерге жібермеу сұралады;
  • егер жағдай нашарласа, медициналық көмекке жүгіну керек.

Серіктес жаңалықтары