Қазақстанның былтырғы күзде қанша астық экспорттағаны белгілі болды

Ең көп астық эспорты Тәжікстанға жасалған.

Қазақстанның былтырғы күзде қанша астық экспорттағаны белгілі болды
Сурет: www.istockphoto.com
294

2024 жылдың қыркүйегінен 25 желтоқсанына дейін 3,7 млн тонна жаңа дақыл экспортталды, деп хабарлады turkystan.kz.

АШМ мәліметінше, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 54% жоғары (2,4 млн тонна).

Өзбекстанға экспорттың өсуі 44% (994 мың тоннадан 1 427 мың тоннаға дейін), Тәжікстанға - 53% (385 мың тоннадан 589 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға - 52% (120 мың тоннадан 182 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға - 22% (59 мың тоннадан 72 мың тоннаға дейін). Иранға экспорт (Ақтау порты арқылы) 30,2 есеге, 14 мың тоннадан 435 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, - делінген мәліметте.

Жалпы, 2024 жылдың 11 айында 9,2 млн тонна астық жүктері тасымалданды, оның ішінде ішкі қатынастар бойынша 2,2 млн тонна және экспортқа 7 млн тонна.

Серіктес жаңалықтары