Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қалай?

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қалай?

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қалай?
ашық дереккөзі
363
Облыстар бойынша алдын-ала мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,8 млн га алқапқа себу жоспарланып отыр, бұл 2016 жылғымен салыстырғанда 125 мың га жерге артық. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысы барысында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті. Көктемгі егіс алқабының көлемі 18,5 млн га жуықтайды. Дәнді дақылдар 15,1 млн га жерге егіледі, оның ішінде бидай – 12,1 млн га алқапқа себіледі, бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 339 мың га алқапқа азайтылған. Сонымен қатар су сіңіретін дақылдар алқабын азайту көзделіп отыр: күріш алқабы – 1,9 мың га, мақта алқабы – 4,6 мың га қысқартылып, басымдықты дақылдар алқабы арттырылады. Сондай-ақ Қ. Айтуғанов атап өткендей, мал азығы дақылдары (арпа, сұлы, дәнге жүгері, бұршақ, ноқат) алқабы 208 мың га, жарма дақылдары алқабы 10 мың га арттырылады. Майлы дақылдар алқабы 2,1 млн га дейін жеткізіледі, бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 58 мың га артық, жемшөп дақылдары 4,1 млн га дейін (407 мың га артық), қант қызылшасы – 19,6 мың га дейін (6,7мың га артық) арттырылады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтері бойынша 2017 жылы алынатын өнім ретінде 2,4 млн тоннадан астам ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы (қажеттіден 1,8% артық), оның ішінде дәнді дақылдар тұқымы – 2 млн тонна (2,3% артық) себілген. Еліміз бойынша 776 мың тонна тұқым тексерілген, оның ішінде 99% сұрыпталды. Тұқымдарды себуге сәйкестендіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жоғары сапалы тұқымдармен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік бағдарлама аясында тұқым шаруашылығын қолдау тетігі жетілдірілді. Мәселен, биылдан бастап түпкі және таңдаулы тұқымдарды субсидиялау қайта жандандырылады, ал алғашқы репродукция тұқымдары тек басымдықты дақылдар бойынша, минималды нормаларсыз субсидияланатын болады. Сонымен бірге, жеміс-жидектер мен жүзімдердің таңдаулы көшеттерін, бірінші буындағы гибридтерді субсидиялау жалғасады, деп атап өтті ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі. «Гидрометеорологиялық қызметтің мәліметтері бойынша топырақтың беткі қабатындағы нақты күзгі ылғал қоры мен көктемгі егіс жұмыстарының басталуы қарсаңында түскен жауын-шашынды ескерсек, еліміздің барлық аумағында дерлік топырақтағы ылғал қоры қолайлы әрі қанағаттандырарлық болады деп күтілуде. Бұл биылғы жылы жақсы өнім алудың алғышарттары болып табылады», - деп баяндады Қ. Айтуғанов.  

Серіктес жаңалықтары