Ертең 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ертең 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
istockphoto.com
586

5 қаңтарда Қазақстанның 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды. 

Астана қаласында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу-бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 18-23 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары