Елімізде алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады

Көптеген өңірде жел күшейіп, тұман, көктайғақ және қарлы жаңбыр болуы ықтимал

Елімізде алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
istockphoto.com
588

«Қазгидромет» мәліметінше, 4-6 қаңтар күндері Қазақстанның көптеген өңірінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, ауа температурасы төмендейді.

Болжам бойынша, батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге Солтүстік Атлантикадан келген циклон әсер етеді. Оның фронтальды бөліктерінде қар, жаңбыр және жаңбырлы қар түріндегі жауын-шашын болады. 6 қаңтарға қарай ел аумағына суық ауа массалары тарала бастайды. Бұл температураның айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерге Каспийдің оңтүстігінен келген циклон әсер етеді. Ол жауын-шашын (жаңбыр мен қар) әкеледі. Ал 5-6 қаңтар күндері орталық және шығыс аймақтар антициклон ықпалында болады. Бұл аймақтарда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Көптеген өңірде жел күшейіп, тұман, көктайғақ және қарлы жаңбыр болуы ықтимал.

Ауа температурасы келесідей төмендейді:

  • Батыс өңірлерде түнде -12°С-тан -3°С-қа дейін, күндіз -8°С-тан -3°С-қа дейін;
  • Солтүстік-батыста түнде -4°С-тан -15°С-қа дейін, күндіз -2°С-тан -12°С-қа дейін;
  • Солтүстікте түнде және күндіз -2°С-тан -10°С-қа дейін;
  • Орталықта түнде -5°С-тан -13°С-қа дейін, күндіз 0°С-тан -10°С-қа дейін;
  • Шығыста түнде -10°С-тан -25°С-қа дейін, күндіз -5°С-тан -13°С-қа дейін;
  • Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 0°С-тан -10°С-қа дейін, таулы аудандарда -13°С-тан -20°С-қа дейін, күндіз -3°С-тан +8°С-қа дейін, таулы аудандарда -3°С-тан -8°С-қа дейін.

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау, алыс сапарлардан бас тарту және метеорологиялық болжамдарды үнемі қадағалап отыру ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары