Астанада пошта сәлемдемелерінен 4 рет есірткі табылған

Осы істерге қатысты 6 есірткі таратушы ұсталып, оның ішінде 1 адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Астанада пошта сәлемдемелерінен 4 рет есірткі табылған
istockphoto.com
220

Астанада пошта сәлемдемелерінен 4 рет есірткі табылды. Бұл туралы Астана қаласы Полиция басқармасы мәлімдеп отыр.

«Поштада жіберілетін сәлемдемелерді иісшіл итпен тексеру кезінде 4 рет есірткі табылды. Мысалы, Алматыдан келген 4,9 келі мефедрон тәркіленді. Сондай-ақ, Батыс Аустралиядан жеткізілген үрлемелі матраста 914 гр марихуана жасырылған. Осы іске қатысты 4 адам ұсталды. Бұдан бөлек, Таиландтан келген сәлемдемеде 998,43 гр кептірілген марихуана анықталды. Иран азаматының пәтерінен тінту кезінде Ұлыбританиядан пошта арқылы жіберілген 151,20 гр кептірілген марихуана тәркіленді», – делінген полиция хабарламасында.

Осы істерге қатысты 6 есірткі таратушы ұсталып, оның ішінде 1 адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалғандарына қатысты тергеу әлі жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары