Сириялық қарулы топтарды аластатудың екінші кезеңі басталды

Сириялық қарулы топтарды аластатудың екінші кезеңі басталды

Сириялық қарулы топтарды аластатудың екінші кезеңі басталды
ашық дереккөзі
233
Сирияның Хомс қаласының іргесінде қарулы топ мүшелерін эвакуациялаудың екінші кезеңі басталды. Қазірдің өзінде содырлар мен олардың отбасы мүшелерін қосқанда 600-ден астам адам өңірден кетті. Олар автобуспен елдің солтүстігіндегі Идлиб провинциясына жеткізілуі тиіс. Содырлардың алғашқы легін көшіру 18 наурызда басталған болатын. Оның аясында қарулы топтың жарты мыңға жуық мүшесі Түркиямен арадағы шекараға жақын Джераблус қаласына қоныс аударған. Айта кеткен жөн, бұған дейін билік Хомс қаласындағы оппозиция өкілдеріне рақымшылық жасалатынын жария еткен. Ол үшін содырлар өз еркімен қаруын тастап, құқық қорғау органдарында тексеруден өтуі тиіс. Бұған жарты мыңнан астам адам келіскен. Қазір жақын маңайдағы тағы екі шаһардағы содырлармен ұқсас келіссөздер жүріп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары