Бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо боксқа 2025 жылы оралады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұған дейін Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев Пакьяоға 2025 жылы Мәскеуде жекпе-жек өткізуді ұсынған болатын.
«Мен мансабымды жалғастырып, 2025 жылы ораламын. Бізде бірқатар ұсыныс бар, қазір талқылап, таңдаймыз», - деді Пакьяо.
Пакьяо 46 жаста. Оның 62 жеңісі (39 нокаутпен), 8 жеңіліс және 2 тең нәтижесі бар. 2021 жылғы соңғы ресми жекпе-жегінде Пакьяо кубалық Йорденис Угастан жеңіліп қалған.