Қазақстанның Көлік министрі брифинг кезінде ұшақ бортындағы алты қазақстандықтың қаза тапқанын хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
«67 адам бортта болған, оның бесеуі экипаж мүшесі. Барлығы 38 адам қаза тапты. Марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Сағат 11:28-де ұшақпен байланыс үзіліп кеткен. Әзербайжанның 37 азаматының 14-і аман қалды, 23-і қаза тапты. Қырғызстанның 3 азаматының бәрі дін-аман. Ресейдің 16 азаматының жетеуі қаза тапты. Борттағы Қазақстанның 6 азаматының барлығы көз жұмды», - деп мәлім етті Көлік министрі Марат Қарабаев.
Айта кетейік, марқұмдардың денесін туыстары анықтау және тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ала алады.