Онда жолаушылардың көмек сұрап, қиналып жылағанын естуге болады.
Әлеуметтік желіде бүгін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың ішінен түсірілген видеолар пайда болды.
112 Telegram-арнасының мәліметінше, жолаушылардың бірі ұшақтың құлап бара жатқанын білген бойда әйеліне видео түсіріп жіберген. Кадрлардан адамдардың дұға етіп жатқанын, оттегі маскаларының түскенін байқауға болады. Сондай-ақ жолаушылардың көмек сұрап, қиналып жылағаны естіледі.
Деректерге сәйкес, тағы бір нұсқа бойынша борттағы оттегі багы жарылған.
Айта кетейік, бүгін Ақтау маңында Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer ұшағы апатқа ұшыраған еді.