Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты.
Мемлекеттік комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады.
Президент дәрігерлерді Астанадан Ақтауға жіберуді және зардап шеккендерді барлық қажетті қолдаумен қамтамасыз етуді тапсырды.