Үндістанда үш аяқты сәби дүниеге келді

Үндістанда үш аяқты сәби дүниеге келді

Үндістанда үш аяқты сәби дүниеге келді
ашық дереккөзі
305
Үндістанның Джангаон қаласының 25 жастағы тұрғыны Срилата Канчанапалли үш аяқты қызды дүниеге алып келді. Бұл туралы Daily Mail-ға сілтеме жасап 24.kz хабарлады.  Ерекше сәби сирек кездесетін «паразит егіз» ауытқуымен туған. Ата-анасы сәбидің артық аяғын алып тастау үшін Хайдабарадон қаласындағы ірі госпитальдің көмегіне жүгінген. Үш сағатқа созылған операция сәтті өтті. Дәрігерлер баланың өміріне еш қауіп жоқ, ал ата-анасының алаңдауына енді еш негіз жоқ деп отыр. Айта кетейік, жүз мыңның арасынан бір ана бұндай ерекше құбылысқа ұшыраған сәбиді дүниеге әкеледі екен. Бұндай ауытқу ана құрсағындағы егіздің біреуі әлсіз сыңарын жұтып қою арқылы пайда болады. Осылайша паразит толығымен немесе жартылай өзінің «құрбанымен» бірігіп кетеді екен.

Серіктес жаңалықтары