247
Бейнеуде пойыз бен жүк көлігі соқтығысты
Автокөлік жүргізушісі ереже бұзған.
23 желтоқсан күні таңертең Бейнеу – Құлсары теміржол учаскесінде жүк көлігі мен пойыз соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше апаттан ешкім зардап шекпеген.
«Автоматты дабыл құрылғысы ақаусыз жұмыс істеп тұр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Алдын-ала дерек бойынша апат қозғалыс ережесін бұзған жүк көлігі жүргізушісінің кінәсінен болған.