Қостанайда сырғанақ тепкен 5 бала ауруханаға жеткізілді

Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, жарақат алған екі қыз есінен танып қалған.

Қостанайда сырғанақ тепкен 5 бала ауруханаға жеткізілді
istockphoto.com
166

Қостанайда 22 желтоқсан күні алты бала сырғанау кезінде түрлі жарақат алып, бесеуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы қалалық жедел жәрдем қызметіне хабарлады.

Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, жарақат алған екі қыз есінен танып қалған. Олар дәрігерлер келгенше, бірнеше сағат бойы ес-түссіз болған.

«Құрметті ата-аналар, мұз сырғанақтар көңіл көтеретін орын ғана емес, қауіпсіздік ережелері сақталмаған жағдайда аса қауіпті нысан екенін ұмытпаңыздар. Кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Балалардың өмірі мен денсаулығы ең алдымен сіздің жауапкершілікте», –  делінген жедел жәрдем қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары