6 қазақстандық күрестен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Жарысқа Қазақстан, АҚШ, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Аустралия, Бразилия, Ресей, Моңғолия спортшылары қатысты.

6 қазақстандық күрестен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
ҰОК
319

Күрестен мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды.

Жарысқа Қазақстан, АҚШ, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Аустралия, Бразилия, Ресей, Моңғолия спортшылары қатысты. 

21 желтоқсанда 57 келі, 65, келі, 74 келі, 86 келі және 97 келі салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар анықталды.

Төменде жарыс жеңімпаздары көрсетілген:

  • 57 келі: Рахат Қалжан (Қазақстан)
  • 65 келі: Әділ Оспанов (Қазақстан)
  • 74 келі: Дэвид Аарон (АҚШ)
  • 86 келі: Болат Сақаев (Қазақстан)
  • 97 келі: Абусаймон Хабила (Қытай)

Аталмыш турнирдің соңғы күнінде 61 келі, 70 келі, 79 келі, 92 келі және 125 келі салмақ дәрежелері бойынша медальдар сарапқа салынды.

Төменде жарыс жеңімпаздары көрсетілген:

  • 61 келі: Мейрамбек Қартпай (Қазақстан) 
  • 70 келі: Мустафа Ахмедов (Тәжікстан) 
  • 79 келі: Сулдхуу Олонбаяр (Моңғолия)
  • 92 келі: Азамат Дәулетбеков (Қазақстан) 
  • 125 келі: Серік Бақытханов (Қазақстан)

Серіктес жаңалықтары