Қазақстан балабақшаларында бірегей жоба басталды
Бүгінгі күні бұл пилоттық жоба еліміздің 135 мектепке дейінгі ұйымында жүзеге асырылуда.
Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институты мектепке дейінгі балалардың мемлекеттік тілді терең меңгеруіне арналған «Тілге бойлау» жобасын әзірледі, деп хабарлады turkystan.kz.
«Тілге бойлау» жобасы балаларды мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыратын жайлы тілдік орта қалыптастыруға бағытталған. Оқу жыл сайын әртүрлі бағытта ұйымдастырылады: коммуникативті, ойын түрінде, еңбек арқылы, көркем, театрландырылған және өз бетінше.
«Халықаралық инновациялық тәжірибеге негізделген бұл тәсіл баланың шығармашылық дамуын ынталандырып, оның оқуына қолдау көрсетеді. Мұндай тәсілдің ерекшеліктерінің бірі – балалардың шығармашылығын шектемей, керісінше дамытуға бағытталған. Ол балалардың сөздік логикасын, сөйлеу дағдысын дамытады. Қазіргі уақытта жоба еліміздің бес өңірінде жүзеге асырылуда», - деп атап өтті Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
Балалардың бағдарлама мазмұнын меңгеруінің тиімділігін бақылау мақсатында ай сайынғы мониторинг жүргізіледі. Қазіргі уақытта жобаға қатысушы 750-ден астам педагог біліктілікті арттыру курсынан өтті, оларға ендігі кезекте тұрақты түрде әдістемелік қолдау ұйымдастырылады.