416
Тараз қаласындағы облыстық балалар ауруханасынан өрт шықты
ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 42 адамды эвакуациялады.
Бүгін Тараз қаласындағы облыстық балалар ауруханасының жертөлесінде орналасқан компьютерлік томография аппаратурасы жанды, деп хабарлады
«ТЖМ күштері түтінді аймақтан таза ауаға 42 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.