190
Шығыс Қазақстанда үш тұрғын есірткі өсіргені үшін сотталды
Олардың бірі – теміржолшы болып жұмыс істеген.
ШҚО-да үш тұрғын есірткі өсімдігін заңсыз өсіргені үшін 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Осы жылдың тамыз айында көліктегі полициясы департаментінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысында есірткі заттарын егіп, өсірумен айналысқан 3 адамнан тұратын топты ұстады.
Олардың бірі – теміржолшы болып жұмыс істеген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде заңсыз айналымнан 42 келі марихуана тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен күдіктілер 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдеріне сотталды.