«50 жасында қыздай болып жүр»: күйеуімен бидің түбін түсірген Баян Мақсатқызы елді тәнті етті

Оқырмандар 50 жастағы продюсер жас қыздардан еш кем емес екенін жарыса жазды

«50 жасында қыздай болып жүр»: күйеуімен бидің түбін түсірген Баян Мақсатқызы елді тәнті етті
фото: видеодан скриншот
655

Танымал продюсер Баян Алагөзова жаңа жыл қарсаңында командасына ерекше мерекелік кеш ұйымдастырды. Желі қолданушылары дүбірлі шара кезінде бидің түсірген 50 жастағы продюсерге тәнті болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Баян Мақсатқызы BM Production ұжымының жаңа жылдық кеші қалай өткенін Instagram-дағы парақшасында көрсетті.

Аталмыш шараға продюсердің қоластында жұмыс істейтін қызметкерлерден бөлек өнердегі жақын құрбы-достары да шақырылған. Олардың арасында белгілі дизайнер Аида Кауменова, Айгүл Иманбаева, Ғалия Байбосынова және т.б. бар.

Сондай-ақ Баян Алагөзова көпшілікке өзінің ерекше образын паш етіп, елдің ыстық ықыласына бөленді. Ол мерекелік жиынға қара түсті қысқа жылтыр көйлек киіп барған. Оқырмандар 50 жастағы продюсер жас қыздардан еш кем емес екенін жарыса жазды.

Сонымен қатар Баян Мақсатқызы желіде жолдасы Тұрсын Алагөзовпен билеген видеосын жариялап, ел назарын тағы да өзіне аударды.

"Әр адам өзін жас қыз сияқты сезіну керек. Әдемі болып өзіне жарасып тұр, әр адам өзіне жақсы күтім жасау керек", "Жарайсыз, қанша әйелге үлгісіз. 50 жасында қыздай болып жүр", "50 жаста өмір енді ғана басталады", "Мінсіз мүсінді Баян", "Әйел сүйікті болғанда әркез әдемі болып жүреді", "Баян сіз сияқты болу әркімнің қолынан келмейді. Бақытты болыңыздар, өз сүйген адамыңмен бірге болу әркімнің тағдырына жазбаған", - деп жазуда көпшілік.

Серіктес жаңалықтары