Шымкенттік шенеунік мүгедек балалардың ата-анасынан пара алған

Ақшаны мүгедектік тағайындау үшін сұраған.

Шымкенттік шенеунік мүгедек балалардың ата-анасынан пара алған
istockphoto.com
Автор
Админ
261

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаментінің бөлім басшысының міндетін атқарушы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

 Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан мүгедектік топтарын белгілеу үшін жалпы сомасы 850 мың теңге пара алды деп айыпталып отыр.   

Пара ретінде берілген ақша қаражаты қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбикенің көмегі арқылы алынған.

 Қазір қала прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

 

Серіктес жаңалықтары