Атырауда алимент төлемегендерге құмар ойын ойнауға тыйым салынды

11 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Атырауда алимент төлемегендерге құмар ойын ойнауға тыйым салынды
pixabay.com
Автор
Админ
188

Жүргізілген тексеріс барысында алимент төлемеген 326 борышкердің соңғы төрт жылда құмар ойындарға 800 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

45 борышкерге құмар ойын сайттарына кіруге шектеу қойылды.

11 борышкерге қатысты алимент төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 14 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әрекетсіздік танытқаны үшін 69 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2 жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды.

Борышкерлерді алимент төлеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669 б.) және қылмыстық (ҚК 139 б.) жауаптылық көзделген.

 

Серіктес жаңалықтары