505
Аида Балаева халыққа маңызды үндеу жасады
Министр баршаңызды сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырды.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі ресми парақшасында халыққа маңызды үндеу жасады.
Құрметті достар! Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл — алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!, — деді Балаева.
Министр баршаңызды сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырды.