192
Қосшы қаласындағы емхана 6 ай бойы кәсіпкерлердің ақшасын төлемеген
Ақмола облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғады.
Қосшы қаласының прокуратурасы «Қосшы қаласының №1 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК жұмысына тексеріс жүргізген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеріс нәтижесінде емхананың келісімшарт бойынша кәсіпкерлерге жеткізген тауарлары үшін бір ай ішінде төлеуі тиіс ақшаны алты ай бойы төлемегені анықталды. Осындай 92 құқық бұзу фактісі тіркелген.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 15 кәсіпкерге 4,5 млн теңге қарыз төленді. Қалған кәсіпкерлердің берешегі бір ай ішінде төленбек.
Бұл бағыттағы жұмыс Қосшы қаласы прокуратурасының бақылауында.