Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
istockphoto.com
410

«Қазгидромет» бүгінге, 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Мәлімет бойынша, Қарағанды облысының шығысында, орталығында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде боран, күндіз облыстың шығысында, орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Түнде және таңерең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында, сондай-ақ Оралда көктайғақ болады деп болжанады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді.

Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болады. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 23 м/с. Өскеменде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Атырау облысында көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарындағы екпіні 15-20 м/с, облыстың тау асуларында екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Алматы облысының шығысында, орталығында жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18-23 м/с.

Серіктес жаңалықтары