Астананың бір ауданы жарықсыз қалды
Әлеуметтік желіде оқырман пікіріне жауап берген әкімнің басы бәлеге қалды.
Астананың Есіл ауданындағы бірнеше тұрғын үй кешені мен әкімшілік ғимараттар кабельдің ұрлануына байланысты жарықсыз қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Stan.kz агенттігінің жазуынша әлеуметтік желіде жарықтың өшірілуіне қатысты шағымдар пайда болған. Астана аймақтық электржелілік компаниясы 13 желтоқсанда "Шұбары" қосалқы станциясында 10 кВ ұяшықтар ажыратылғанын хабарлады.
"Кабель желісінің ұрлануы себеп болды. Оқиға орнында төрт жедел мобильді топ жұмыс істеуде. Қайта жалғау жүріп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – делінген хабарламада.
Апат Есіл ауданында орын алған, атап айтқанда "Арайлым", "Премиум", "Новый мир", "Нұрсая", "Парковый" тұрғын үй кешендері және Қонаева көшесі, 7 және 31 мекенжайындағы екі әкімшілік ғимарат жарықсыз қалды.