Қосшыда қоқыс шығару құны төмендеді

Енді тұрғындар 532 теңгенің орнына 482 теңге төлейді.

Қосшыда қоқыс шығару құны төмендеді
istockphoto.com
Автор
Админ
241

Прокурорлар Ақмола облысының Қосшы қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығаруға төленетін тарифті төмендетті.

Қосшы қаласы және оған іргелес аумақтарда қалдық төгуге рұқсат берілмейді. Себебі Астананың халықаралық әуежайынан 30 шақырымда орналасқан аймақ. Осыған байланысты қала маңында ҚТҚ-ны сұрыптауға және көмуге тыйым салынған.

Мердігер ұйым қалдықтарды Қосшы қаласынан 50 шақырым жердегі Астана қаласының полигонына тасымалдаған. Бұл ретте ҚТҚ-ны Астана қаласының полигонына дейін тасымалдау мен оларды өткізу шығындарының орнына ҚТҚ-ны сұрыптау мен көмуге арналған шығындар тарифке негізсіз енгізілген.  

Сол себепті, Қосшы қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша шығындарды қайта есептеу жүргізіліп, нәтижесінде жеке (532 теңгеден 482 теңгеге дейін) және заңды (575 теңгеден 527 теңгеге дейін) тұлғалар үшін орташа өлшенген тариф құны 50 теңгеге төмендеді.

Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде, 37 мың тұтынушы (оның ішінде 200 бизнес субъектілері) үшін бір жылдық үнем 22,2 млн теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары