«Астана» - «Челси» матчынан кейін Алматы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды

Басшы жанкүйерлердің наразылығынан кейін қызметтен кетуге мәжбүр болған.

«Астана» - «Челси» матчынан кейін Алматы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды
Сурет: www.istockphoto.com
386

«Астана» мен «Челси» футбол клубтары арасындағы ойынды тамашалауға барған жанкүйерлер қар басқан орындақтарға қатысты шағым айтып, наразылық білдірген, деп жазды turkystan.kz.  

«Алматы қаласы Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардағы орындықтардың (орталық стадиондағы жалпы орын санының 2,7%) арасындағы қардың уақытылы тазаланбауына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Алдағы уақытта мұндай оқиғаларды болдырмау үшін тексеру жүргізіледі. Орталық стадион нысанының меңгерушісі Бауыржан Жұмажанов қызметінен босатылды», – делінген Алматы қаласының спорт нысандары дирекциясының хабарламасында. 

Серіктес жаңалықтары