Түркістан облысында алкогольді ішімдік шығаратын 3 астыртын цех анықталды
Заңсыз өнімнің нарықтық құны 170 млн теңгеден асады
Түркістан облысының прокуратурасы экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, Келес, Төлеби аудандары, сондай-ақ Түркістан қаласында 3 ірі астыртын цехты анықтады, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, заңсых цехтардың жұмысы тоқтатылды.
Нәтижесінде нарықта қымбат бағаланатын 31 920 шөлмек жалған алкоголь өнімдері, маркалары «Абсолют» - 12 280, «Skyy» -11 020 және «Айдабульская» 8 620 дана, сондай-ақ құрамында спирті бар 600 литр сұйықтық тәркіленді.
Заңсыз өнімнің нарықтық құны 170 млн теңгеден асады.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 233-бабымен тергеп-тексеру басталды.
«Түркістан облысының прокуратурасы көлеңкелі экономикаға қарсы тұрақты түрде күрес жүргізуде. Осыған байланысты прокуратура суррогат алкоголь өнімдерін дайындау және өткізумен айналысатын адамдар тобына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы қаулы шығарылды», - делінген хабарламада.