Қызылорда облысында полиция есірткі зертханасын жойып, "синтетика" сатушыны ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.
Полицейлер сарайдың ішінде жасалған есірткі зертханасын анықтап, оны жойды. Заңсыз әрекетке барған 52 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, сот шешімімен 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар Қызылордада полицейлер 300 доза синтетикалық есірткінің таралуына жол бермеді. Сот үкімімен есірткі сатушы 10 жылға сотталды.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталғаны туралы жазған едік.