Доллар бағамы 522 теңгеге көтерілді

Ұлттық банктің 11 желтоқсанға бекіткен ресми бағамы 508,05 теңге.

Доллар бағамы 522 теңгеге көтерілді
istockphoto.com
Автор
Админ
213

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 516,93 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің 11 желтоқсанға бекіткен ресми бағамы 508,05 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 521,31 теңгеден, ал Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 521,95 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, 9 желтоқсанда доллар бағамы 3,54 теңгеге, ал 10 желтоқсанда 1,5 теңгеге арзандаған болатын.

Серіктес жаңалықтары