Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамауға алынды
Ал Қаржаубай Нұрымовтың әпкесі елден шығарылатын болды.
Талғарда кісі қолынан көз жұмған Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша сотталып, 15 тәулік әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы Алматы облысы соттары мәлімдеді.
«Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін азамат Қ. Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Ал Қаржаубай Нұрымовтың әпкесі елден шығарылатын болды.
«ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК 488- бабының 8-бөлімі.) азаматтығы жоқ адам жасаған, азаматша Б. Реймова әкімшілік тәртіппен 15 тәулікке қамауға алынып, кейіннен ҚР шегінен шығарып жіберілді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қаржаубайдың тағы бір қарындасы Салтанатқа 20 АЕК айыппұл салынды.
«Еңбекшіқазақ аудандық соты әкімшілік іс жүргізу тәртібімен істерді қарау нәтижелері бойынша азамат С. Нұрымова ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.