Теміртауда қайғылы жағдай болды

Әйел өрт кезінде көгілдір газдан уланып қаза тапты

Теміртауда қайғылы жағдай болды
istockphoto.com
677

Жалын көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде тұтанған. Өкінішке қарай, улы газға тұншыққан пәтер иесі қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейбітшілік даңғылындағы өрт туралы хабар түнгі сағат 00:15-те ТЖД пультіне түскен. Бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаз өртеніп, өрттің жалпы аумағы бес шаршы метрді құрады.  

«Өрт орнында улы газға уланған белгілері бар, ес-түссіз жатқан 1984 жылы туған пәтер иесі табылды. Өкінішке қарай, ол есін жимастан оқиға орнында көз жұмды», – делінген хабарламада.  

Сонымен қатар өрт болған пәтерден көлемі 27 литрлік газ баллоны шығарылғаны белгілі болды.  

Өрт сағат 00:46-да сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.  

Серіктес жаңалықтары