Астанада лифтте пышақпен жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)

/
Астанада лифтте пышақпен жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Сурет: www.istockphoto.com
Бұл туралы Астана қаласының ПД мәлімдеді.

Полиция қызметкерлері лифтте бөгде адамды пышақпен қорқытқан ер адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған жағдай ұсталған жігіт пен оның құрбысы арасындағы жанжалдан кейін болған. Ол масаң күйде болып, кездейсоқ кездескен адамға өз-өзіне қол жұмсау ниеті туралы айтып, асхана пышағын көрсеткен.
Ер адам дереу ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары