Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 20 млрд теңге салған

Олардан 13 млрд теңгеге жуық қаражат қайтарылған.

Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 20 млрд теңге салған
istockphoto.com
Автор
Админ
199

Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері қаржы пирамидаларының қызметіне қатысты 68 факті бойынша тергеу жүргізген, деп хабалайды turkystan.kz.

Ведомствованың мәліметінше Қаржы пирамидаларының жұмысын тоқтату және оған ақша салып жатқан азаматтардың санын азайту үшін арнайы «Қаржы пирамидаларына қарсы күрес» жобасы басталған.

«Қаржылық мониторинг агенттігі 20 млрд теңгеден астам шығын әкелген қаржы пирамидаларын құру және жетекшілік ету фактілері бойынша 68 қылмыстық істің тергеуін аяқтады», - деді ҚМА өкілі Андрей Давыдов.

Олардан 13 млрд теңгеге жуық қаражат қайтарылған.

«Жыл басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды. 2 миллионға жуық қатысушы отырған 300-ге жуық чат жабылды», - деді Давыдов.

Серіктес жаңалықтары