Шерзат Болаттың ағасы көз жұмды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Шерзат Болаттың ағасы көз жұмды
фото: әлеуметтік желіден
727

Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, азамат өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Марқұмның ағымдағы жылдың 4 қазанында қайғылы қазаға ұшыраған кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеудің осы кезеңінде қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ.

Марқұм Ш.Полаттың отбасы барлық уақытта полиция қорғауында болғанын атап өтеміз. Осы уақыт ішінде марқұмның отбасына қауіп төндіру фактілері тіркелмеген. Күзет қызметкерлерінің түсініктемелерінен азаматтың күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлігімен кеткені анықталды, - деп жазды ПД.

Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Қосымша ақпарат қолжетімді болған кезде берілетін болады.

Серіктес жаңалықтары